Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада-2024: Елена Потапенко рейтингтік раундта сынға түсті

Жарияланған күні:

Елена Потапенко
Елена Потапенко. Фото: Nikita Shvetsov/Anadolu Agency/Getty Images

Қазақстандық спортшы Елена Потапенко қазіргі бессайыстан Олимпиада ойындарында сынға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгін, 8 тамызда Франция астанасы Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындары аясында әйелдер арасындағы қазіргі бессайыс бәсекесінен қазақстандық спортшы Елена Потапенко рейтингтік кезеңде өнер көрсетті.

Елена Потапенко 36 спортшының ішінде 27-орынға тұрақтады. Ол 15 рет жеңсе, 20 мәрте жеңіліп, 200 ұпай жинады.

Спортшылар еркін әдіспен жүзу, конкур (атпен шабу) және лазер-ран (жүгіру, оқ ату) бойынша бақ сынайды.

Алғашқы аралық кезеңде спортшылар шпагамен семсерлесу бойынша сынға түсті.

Әйелдер арасындағы қазіргі бессайыстың негізгі кезеңдері 10-11 тамыз күндері өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2146438-olimpiada-2024-elena-potapenko-reitingtik-raundta-synga-tusti/