jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Париж-2024: қазақстандық каноэшілер B финалында мәреге үшінші болып жетті

    Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов
    Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов. Фото: olympic.kz

    Байдарка мен каноэ есуден Қазақстан құрамасының өкілдері Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов Париж Олимпиадасының жұбаныш финалында бақ сынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов екі адамдық каноэмен 500 метрге жарысу сайысының B финалында сынға түсті. Бұл бәсекеде Олимпиада жүлдесі сарапқа салынған жоқ. Қазақстандық дуэт белгіленген межені 1 минут 46,75 секундта бағындырып, өз тобында мәреге үшінші болып жетті. Олар жалпы есепте 11-орынға тұрақтады.

    Еске салайық, Хайдаров пен Емельянов Олимпиаданың іріктеу кезеңінде мәреге бесінші болып жетіп, жартылай финалға тікелей жолдама ала алмаған еді. Кейін олар ширек финалда мәре сызығын соңғы болып кесіп, жүлдеден қол үзді.

    Бүгін, 8 тамызда қазақстандық каноэші Мария Бровкова ширек финалда жекелей сайыста сынға түсіп, жартылай финалға өте алмады. Ол 200 метр қашықтықты 48,61 секундта бағындырып, өз тобында төртінші орынға жайғасты. Ал келесі кезеңге үздік нәтиже көрсеткен екі спортшы жолдама алды.

    Париж-2024: қазақстандық каноэшілер B финалында мәреге үшінші болып жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.