Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Парижде Демеу Жадыраевқа 10 мың жанкүйер құрмет көрсетті

Жарияланған күні:

Қазақстандық балуан Демеу Жадыраев
Қазақстандық балуан Демеу Жадыраев. Фото: olympic.kz

Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасында күміс жүлде жеңіп алған қазақстандық балуан Демеу Жадыраев спортшыларды құрметтеу кешіне қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Париждегі чемпиондар саябағында өткен шарада Демеу Жадыраевты 10 мыңнан аса адам қарсы алды. Олимпиада ойындарындағы бұл жаңашыл бастама арқылы жанкүйерлер жүлдегерлерді жеңісімен құттықтап, спортшылар өз жетістігін кең көлемде атап өте алады.

Қазақстандық балуан Демеу Жадыраев
Қазақстандық балуан Демеу Жадыраев. Фото: olympic.kz

Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалында жапон балуаны Нао Кусакамен күрескен еді. 77 кг салмақ дәрежесіндегі белдесуде Жадыраев қарсыласына 5:2 есебімен жол беріп, күміс медаль еншілеген болатын.

Қазақстандық балуан Демеу Жадыраев. Фото
Қазақстандық балуан Демеу Жадыраев. Фото: olympic.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының бас бапкері Юрий Мельниченко Демеу Жадыраевтың финалдағы күресі туралы айтқан еді. Бапкердің сөзінше, қазақстандық балуанға ептілік жетіспеді, ал жапониялық спортшы Демеудің бір қателігін өз пайдасына асырды.

"Өте өкінішті. Демеу басынан аяғына дейін күресті, барынша тырысты. Бәрі жақсы болатын. Өкінішке қарай, жеңіс жапониялық спортшының еншісінде кетті. Десе де Демеу финалға дейін жетіп, күміс жүлде иеленді. Бұл – үлкен жетістік", - деді Мельниченко.

Қазақстандық балуан Демеу Жадыраев
Қазақстандық балуан Демеу Жадыраев. Фото: olympic.kz

Демеу Жадыраевтың өзі де финалдық белдесуі туралы пікір білдірді. Ол дайындығы өте жоғары деңгейде болғанын, бірақ ақтық бәсекеде жауапкершілік жүгі ауырлағанын айтты.

"Қолдаған жандардың бәріне рахмет! Күміс құтты болсын! Қазақ еліне алтын сыйлағым келген. Енді қалған жігіттер алтын алсын деп тілеймін", - деді қазақстандық балуан.

Қазақстандық балуан Демеу Жадыраев
Қазақстандық балуан Демеу Жадыраев. Фото: olympic.kz

Финалда Жадыраевты жыққан балуан Нао Кусака қарсыласы финалда мықты болғанын және оны құрметтейтінін айтты.

"Бар күшімді жұмсап белдестім. Қазақстандық спортшылар өте мықты және жеңіске жету маған оңайға түспеді. Мен сіздердің спортшыларыңызды құрметтеймін және олардың күші мен қабілеттерін мойындаймын", - деді Нао Кусака.

Қазақстандық жанкүйерлер
Қазақстандық жанкүйерлер. Фото: olympic.kz

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 1 алтын, 3 күміс және 3 қола жүлдесі бар. Бүгін, 9 тамызда жарыс жолына алты қазақстандық спортшы шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2146738-parizhde-demeu-zhadyraevqa-10-myng-zhankuier-qurmet-korsetti-foto/