18 жастағы қазақстандық таеквондошы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті
Опубликовано:
Қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали Париж Олимпиадасындағы алғашқы кездесуін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Таеквондодан 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Қазақстан құрамасының мүшесі Батырхан Төлеуғали Олимпиаданың алғашқы айналымында сынға түсті. Ол іріктеу кезеңінде Мали спортшысы Исмаэль Кулибалиге қарсы кездесу өткізді. Нәтижесінде қазақстандық таеквондошы 2:1 (5:4, 1:1, 2:1) есебімен жеңіске жетті.
Енді қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали 1/8 финалдық кезеңде екі дүркін әлем чемпионы италиялық Симоне Алессиомен шеберлік байқасады.
Айта кетейік, еліміздің атынан Париж Олимпиадасына екі таеквондошы жолдама алған. 58 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Самирхон Абабакиров алғашқы айналымда италиялық Вито Делль'аквилиден жеңіліс тапқан болатын.
- Олимпиадада брейкингтен сынға түсетін тұңғыш қазақстандық спортшының қарсыластары анықталды
- "Жекпе-жек тең дәрежеде болғанын сездім": украиналық боксшы Нұрбек Оралбаймен кездесуі туралы айтты
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2146806-18-zhastagy-qazaqstandyq-taekvondoshy-algashqy-kezdesuinde-zhengiske-zhetti/