jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық велошабандоз "Румыния турында" жеңіске жетті

    Ильхан Достиев пен Давиде Тонеатти
    Ильхан Достиев (ортада). Фото: olympic.kz

    Қазақстандық велошабандоз Ильхан Достиев "Румыния туры" велокөпкүндігінде жеңіске жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Astana Qazaqstan Development Team командасының мүшесі Ильхан Достиев жалпы есепте топ жарды. Ал оның командаласы Давиде Тонеатти екінші орын иеленді.

    "Жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Жарыс басталғанда-ақ, бабымда келгенімді сездім. Үш жейдеге қол жеткізгенім қуантады. Сондай-ақ, біздің бүкіл команданың үлкен жұмыс атқарғанын айтқым келеді. Бұл маусым өте тартысты өтті, енді әрі қарай да осы қарқынмен жалғастырамын", - деді Достиев. 

    Еске салайық, 31 жастағы қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Israel-Premier Tech құрлықаралық велокомандасымен 2026 жылдың соңына дейін келісімшартқа отырған еді. Луценко 2013 жылдан бастап Astana командасында өнер көрсетіп, 43 рет жеңіске жеткен болатын.

    Қазақстандық велошабандоз "Румыния турында" жеңіске жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.