Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик АҚШ-та өтіп жатқан US Open турнирінің алғашқы айналымында сынға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
- Александр Бублик АҚШ-та өтіп жатқан US Open турнирінің алғашқы айналымында Қытайдың 19 жастағы теннисшісі Шан Цзюнчэнмен кездесті.
- Үш сағат 37 минутқа созылған бес сеттік ойында Бублик жеңілді, бірақ екінші және үшінші сеттерде жеңіске жетті.
- Бублик 11 мүмкін брейк-поинттың бесеуін өз пайдасына асырып, сегіз рет қосар қателік жіберді.
Александр Бублик алғашы кезеңде ATP рейтингінің 72-сатысында тұрған Қытайдың 19 жастағы теннисшісі Шан Цзюнчэнмен кездесті.
Бірінші сетте Александр Бублик (әлемнің 27-ракеткасы) 4:6 есебімен ұтылып қалды, бірақ ойынның екінші және үшінші кезеңдерінде жеңіске жетті (6:3, 7:5). Қытайлық теннисші төртінші және бесінші сетте басымдық танытып, жеңісті жұлып алды.
Кездесу 3 сағат 37 минутқа созылды. Бұл ойында қазақстандық теннисші 11 мүмкін брейк-поинттың бесеуін өз пайдасына асыра алды, 8 рет қосар қателік жіберді.
Айта кетейік, осы турнирде өнер көрсетіп жатқан тағы бір қазақстандық теннисші Александр Шевченко алғашқы айналымда жеңісе жетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2153751-4-sagatqa-zhuyq-uaqytqa-sozylgan-tartys-qazaqstandyq-tennisshisi-aqsh-tagy-turnirde-synga-tusti/