jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    4 сағатқа жуық уақытқа созылған тартыс: қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирде сынға түсті

    Александр Бублик
    Александр Бублик. Фото: Mateo Villalba/Getty Images

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик АҚШ-та өтіп жатқан US Open турнирінің алғашқы айналымында сынға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Александр Бублик АҚШ-та өтіп жатқан US Open турнирінің алғашқы айналымында Қытайдың 19 жастағы теннисшісі Шан Цзюнчэнмен кездесті.
    • Үш сағат 37 минутқа созылған бес сеттік ойында Бублик жеңілді, бірақ екінші және үшінші сеттерде жеңіске жетті.
    • Бублик 11 мүмкін брейк-поинттың бесеуін өз пайдасына асырып, сегіз рет қосар қателік жіберді.

    Александр Бублик алғашы кезеңде ATP рейтингінің 72-сатысында тұрған Қытайдың 19 жастағы теннисшісі Шан Цзюнчэнмен кездесті.

    Бірінші сетте Александр Бублик (әлемнің 27-ракеткасы) 4:6 есебімен ұтылып қалды, бірақ ойынның екінші және үшінші кезеңдерінде жеңіске жетті (6:3, 7:5). Қытайлық теннисші төртінші және бесінші сетте басымдық танытып, жеңісті жұлып алды.

    Кездесу 3 сағат 37 минутқа созылды. Бұл ойында қазақстандық теннисші 11 мүмкін брейк-поинттың бесеуін өз пайдасына асыра алды, 8 рет қосар қателік жіберді.

    Айта кетейік, осы турнирде өнер көрсетіп жатқан тағы бір қазақстандық теннисші Александр Шевченко алғашқы айналымда жеңісе жетті.

    4 сағатқа жуық уақытқа созылған тартыс: қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирде сынға түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.