Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дубайда топ жарған қазақстандық тұлпар дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысуы мүмкін

Жарияланған күні:

Қабирхан және оның шабандозы
Қабирхан және оның шабандозы. Фото: instagram.com/kabirkhan_qazaqstan

Бірнеше халықаралық бәйгеде топ жарған қазақстандық тұлпар Қабирхан дүниежүзілік Көшпенділер ойынына қатысуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Қайырхан Мәулен айтты, деп хабарлайды Kazinform агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Ұлттық құрамада тек көкпар бойынша 30-ға жуық ат әзірленіп жатыр. Оның ішінде 24-і ертең келеді. Сол 24 аттың барлығының да атақтары бар, бүгінгі күнге дейін жеңістерге жеткен. Әлем чемпионатында жеңген Нұрғасқа сәйгүлігі бар, онымен Құрманбек Тұрғанбек атты үкілеген үмітіміз өнер көрсетеді. Одан бөлек, Жұмыртұяқ, Секрет атты талай бәйгеде топ жарған аттар келуі ықтимал. Тіпті Дубайдағы бәйгеде жеңіске жеткен Кабирханды білесіздер, Кабирхан келеді деп жоспарланған", - деді Қ. Мәулен "Қазанат" ипподромында өткен баспасөз мәслихатында.

Алайда Қайырхан Мәуленнің айтуынша, әлі де ауа райы мен транспортқа байланысты өзгерістер болуы мүмкін.

"Олар жеке адамдардың аттары болғандықтан мемлекеттің, ұлттық құраманың құзырындағы іс емес. Сондықтан осындай нюанстар бар. Бірақ еліміздің атынан қатысатын сәйгүліктердің бәрі өте жақсы таңдалған және дайындалған", - деді ол.

Еске салайық, Қабирхан қаңтарда Дубайда өткен екі бәйгеде де жеңіске жеткен еді. Ал наурызда болған әлем кубогінде мәре сызығын сегізінші болып кесті.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтеді. Әлемдік додаға 89 елден 2800-ге жуық қатысушы келеді деп жоспарланып отыр. Онда спорттың 21 түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2155041-qabirhan-duniezhuzilik-koshpendiler-oiynyna-qatysuy-mumkin/