Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанның бұрынғы депутаты муай-тай турнирінде чемпион атанды (видео)

Жарияланған күні:

Шайлообек Атазов пен оның командасы
Шайлообек Атазов пен оның командасы. Фото: kaktus.media

Қырғызстан Парламентінің бұрынғы депутаты Шайлообек Атазов Тайландта өткен муай-тай турнирінде IBF Muaythai чемпионы атағына ие болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Kaktus Media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Қырғызстан Парламентінің бұрынғы депутаты Шайлообек Атазов Тайландта өткен муай-тай турнирінде IBF Muaythai чемпионы атағын жеңіп алды.
  • 45 жастағы Атазов тайландтық қарсыласы Чиангкван Паномтедті екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
  • Шайлообек Атазов 2024 жылдың 8 мамырында Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы шешімімен депутаттық мандатынан айырылған.

Қырғызстанның бұрынғы депутаты Шайлообек Атазов Тайландта өткен муай-тай турнирінде ауыр салмақта IBF Muaythai чемпионы атанды.

Шайлообек Атазов тайландтық қарсыласы Чиангкван Паномтедпен кездесіп, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Қарсыласы оның аяққа жасаған соққысынан кейін рингте құлап, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Осылайша, 45 жастағы Атазов IBF Muaythai ұйымының чемпиондық белбеуін иеленді.

Айта кетейік, Шайлообек Атазов пен Чиангкван Паномтед арасындағы жекпе-жек турнирдің басты кездесуі ретінде көрсетілді. IBF Muaythai ұйымы 2017 жылдың желтоқсан айында құрылған.

Шайлообек Атазов 2024 жылдың 8 мамырында Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы (ЦИК) оны депутаттық мандатынан айырды. Бұл шешім Жоғарғы соттың үкімі негізінде қабылданған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2155096-qyrgyzstannyng-buryngy-deputaty-muai-tai-turnirinde-chempion-atandy-video/