jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Паралимпиада-2024: Қазақстан құрамасы медаль кестесінде бірнеше сатыға төмендеді

    Еркін Ғаббасов
    Еркін Ғаббасов. Фото: instagram.com/csp_parasport.kz

    Франция астанасы Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындарының медальдар кестесінде Қазақстан бірнеше сатыға төмендеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    2 қыркүйекте Қазақстан құрамасы 53-орында тұрса, қазір 60-сатыға жайғасты. Әзірге ел қоржынында пара оқ атудан Еркін Ғаббасов жеңіп алған 1 күміс жүлде бар.

    Ал көршілес Өзбекстан мемлекетінің құрамасы 6 алтын, 4 күміс, 4 қола медальмен 10-орында тұр.

    Әзірге ең көп жүлде Қытай құрамасының еншісінде (53 алтын, 40 күміс, 22 қола). Ал екінші орында Ұлыбритания (30-18-13) келе жатса, үздік үштікті АҚШ (20-22-11) түйіндеп тұр.

    Айта кетейік, Париж Паралимпиадасы 8 қыркүйекке дейін болады. Жарысқа 182 мемлекеттен 4400 спортшы қатысып жатыр. Байрақты бәсекеге Қазақстаннан 44 спортшы аттанған болатын. Қазақстан құрамасы спорттың 9 түрінен, атап айтқанда, пара жүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэ, пара тхэквондо, отырып ойнайтын волейбол, пара оқ ату, пара үстел теннисі және пара дзюдодан 33 лицензия иеленген еді. Бұл ел Паралимпиадасы тарихындағы рекордтық көрсеткіш саналады.

    Бүгін, 4 қыркүйекте үш қазақстандық спортшы Паралимпиада ойындарында жүлделі орындарды сарапқа салады.

    Паралимпиада-2024: Қазақстан құрамасы медаль кестесінде бірнеше сатыға төмендеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.