Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Давид Дегтярев Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атанды

Жарияланған күні:

Давид Дегтярев
Давид Дегтярев. Фото: FRANCK FIFE/AFP via Getty Images

Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында пара пауэрлифтингтен қазақстандық спортшы Давид Дегтярев топ жарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгін, 4 қыркүйекте Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында пара пауэрлифтингтен 54 кг дейінгі салмақта ерлер арасындағы финалдық бәсеке өтті. Ақтық кезеңде 10 спортшы өзара мықтыны анықтады. Ел намысын финалда Давид Дегтярев қорғады.

Финалдық кезеңде қазақстандық спортшы 188 кг салмақты еңсерді.

Давид Дегтярев 2020 жылғы Токио Олимпиадасында осы санатта жеңімпаз атанған болатын.

Ол ел тарихындағы тұңғыш екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды. Қазақстандық спортшылардың ішінен Паралимпиада алтынын жүзгіш Зульфия Габидуллина (Рио-2016) және шаңғышы Александр Колядин (Пхенчхан-2018) жеңіп алған.

Айта кетейік, Франция астанасы Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындары 8 қыркүйекке дейін жалғасады.

Бұған дейін пара оқ атудан Еркін Ғаббасов ел қоржынына 1 күміс жүлдені салған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2157261-david-degtiarev-paralimpiada-oiyndarynyng-eki-durkin-chempiony-atandy/