jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Жеңіл атлет Дастан Мұқашбеков Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

    Дастан Мұқашбеков
    Дастан Мұқашбеков. Фото: Matthias Hangst/Getty Images

    Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында пара жеңіл атлетикадан сынға түскен қазақстандық спортшы Дастан Мұқашбеков қола жүлдегер атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында ерлер арасында ядро лақтырудан F36 санаты бойынша финалдық кезеңде Дастан Мұқашбеков сынға түсті. Ақтық кезеңде жалпы саны 7 спортшы өзара мықтыны анықтады.

    Дастан Мұқашбеков 16 метр көрсеткішті тіркеп, Азия рекордын жаңартып, Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

    Дастан Мұқашбеков 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында 15,74 см көрсеткішті тіркеп, чемпион атанған болатын.

    Айта кетейік, Франция астанасы Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындары 8 қыркүйекке дейін жалғасады.

    Бұған дейін пара оқ атудан Еркін Ғаббасов ел қоржынына 1 күміс жүлдені салса, пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев алтын жеңіп алды.

    Жеңіл атлет Дастан Мұқашбеков Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.