Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Паралимпиада-2024: Қазақстан құрамасы медаль кестесінде қай орынға тұрақтады

Жарияланған күні:

Пабло Рамирес, Давид Дегтярев, Ян Цзинлан
Пабло Рамирес, Давид Дегтярев, Ян Цзинлан: Photo by FRANCK FIFE/AFP via Getty Images

Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының медаль кестесінде Қазақстан құрамасы үздік 50 мемлекеттің қатарына енді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Париж Паралимпиада ойындарының медаль кестесінде Қазақстан құрамасы 46-орынға жайғасып, үздік 50 мемлекет қатарына енді.
  • Қазақстан қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль бар, олар пара оқ атудан, пара пауэрлифтингтен және ядро лақтырудан жеңіп алынды.
  • Медаль кестесінде Қытай көш бастап тұр, одан кейін Ұлыбритания мен АҚШ орналасқан, ал жарыс 8 қыркүйекке дейін жалғасады.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарының медаль кестесінде 46-орынға жайғасқан. Ел қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль бар.

31 тамызда пара оқ атудан Еркін Ғаббасов күміс медаль иеленген болатын. Ал кеше, 4 қыркүйекте пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев алтын медаль жеңіп алса, ядро лақтырудан Дастан Мұқашбеков қолаға қол жеткізген еді.

Қытай 62 алтын, 46 күміс, 27 қола медаль еншілеп, жеке дара көш бастап келеді. Ұлыбритания құрамасы 33 алтын, 25 күміс, 16 қоланы қанжығасына байлап, екінші орынға тұрақтаған. АҚШ спортшылары 25 алтын, 26 күміс, 12 қола медальмен үздік үштікті түйіндеп тұр.

Айта кетейік, Париж Паралимпиадасы 8 қыркүйекке дейін болады. Жарысқа 182 мемлекеттен 4400 спортшы қатысып жатыр. Байрақты бәсекеге Қазақстаннан 44 спортшы аттанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2157438-paralimpiada-2024-qazaqstan-quramasy-medal-kestesinde-qai-orynga-turaqtady/