Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Паралимпиада-2024: Қазақстан құрамасы медаль кестесіндегі нәтижесін жақсартты

Жарияланған күні:

Дастан Мұқашбеков
Дастан Мұқашбеков. Фото: Tullio M. Puglia/Getty Images for IPC

Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының медаль кестесінде Қазақстан құрамасы нәтижесін жақсартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Қазақстан құрамасы Париж Паралимпиадасының медаль кестесінде 34-орынға көтерілді, қоржында 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль бар.
  • Давид Дегтярев пен Ақмарал Науатбек алтын, Еркін Ғаббасов пен Нұрдәулет Жұмағали күміс, Дастан Мұқашбеков қола медаль иеленді.
  • Медаль кестесінде Қытай көш бастап тұр, одан кейін Ұлыбритания мен АҚШ орналасқан.

Қазір Қазақстан құрамасы Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарының медаль кестесінде 34-орынға тұрақтады. Ел қоржынында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль бар.

Пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев пен пара дзюдодан Ақмарал Науатбек Паралимпиада чемпиондары атанса, мерген Еркін Ғаббасов пен жүзгіш Нұрдәулет Жұмағали күміс медаль еншіледі және ядро лақтырудан Дастан Мұқашбеков қола жүлдеге қол жеткізді.

Медаль кестесінде Қытай 74 алтын, 55 күміс, 37 қола жүлдемен көш бастап келеді. Ұлыбритания құрамасы 36 алтын, 29 күміс, 19 қоланы қанжығасына байлап, екінші орынға тұрақтаған. АҚШ спортшылары 27 алтын, 33 күміс, 17 қола медальмен үздік үштікті түйіндеп тұр.

Айта кетейік, Париж Паралимпиадасы 8 қыркүйекке дейін болады. Жарысқа 182 мемлекеттен 4400 спортшы қатысып жатыр. Байрақты бәсекеге Қазақстаннан 44 спортшы аттанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2158033-paralimpiada-2024-qazaqstan-quramasy-medal-kestesindegi-natizhesin-zhaqsartty/