Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ренжімесін деп 3-4 салым жібердік": көкпардан Қазақстан құрамасының бапкері АҚШ-пен өткен ойын туралы айтты

Жарияланған күні:

Көкпардан Қазақстан құрамасы
Көкпардан Қазақстан құрамасы. Фото: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы

Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ақылбек Манкеев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ширек финалында АҚШ-қа қарсы өткен ойын туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазақстан құрамасы ширек финалда АҚШ командасын 12:4 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алған еді.

"Бүгінгі ойын туралы айтатын ештеңе жоқ, бәрі көрініп тұр ғой. Америкалықтар бізге қарсылас болуға әлі ерте. Кішкене біздің көкпарға ынталансын, ренжіп кетпесін деген оймен 3-4 салым жіберген жағдайымыз бар. Оның үстіне әлі олар көкпарды тақымына басып, әрекеттеніп жатқаны шамалы. Американың спортшылары біздің жарыстарымызға қалмай келеді. Келешекте зор өнер көрсетеді деген ойдамыз", - деді Ақылбек Манкеев Ұлттық және ат спорты түрлері орталығына берген сұқбатында.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы көкпар жарысына 9 мемлекеттен 104 спортшы тіркелген. Оның ішінде Қазақстан, Өзбекстан, АҚШ, Ресей, Қырғызстан, Мажарстан, Қытай, Моңғолия және Түркия мемлекетінің құрамалары бар. Ширек финалға Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия командалары өткен еді.

Қырғызстан құрамасы ширек финалда Түркия командасын 15:1 есебімен ойсырата жеңген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2159631-renzhimesin-dep-3-4-salym-zhiberdik-kokpardan-qazaqstan-quramasynyng-bapkeri-aqsh-pen-otken-oiyn-turaly-aitty/