jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақ пен қырғыз көкпаршылары Көшпенділер ойындарының финалында кездеседі

    Қазақстандық көкпаршы
    Қазақстандық көкпаршы. Фото: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы

    Бүгін, 11 қыркүйекте көкпардан Қазақстан құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Ресей командасын жеңіп, финалға өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Елордадағы "Қазанат" ипподромында өткен бәсекеде қазақ көкпаршылары 18:2 есебімен басым түсті.

    Енді Қазақстан құрамасы ертең, 12 қыркүйекте финалда Қырғызстан командасымен кездеседі. Бұл ойын сағат 11:30-да басталады. Тікелей эфирді Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.

    Қырғыз көкпаршылары ширек финалда Түркия құрамасын 15:1 есебімен жеңіп, бірден финалға жолдама алған еді. Түркия командасы ертең Ресей спортшыларымен қола жүлдеге таласады.

    Көшпенділер ойындарының медаль кестесінде Қазақстан 21 алтын, 10 күміс, 17 қола жүлдемен көш бастап тұр. Екінші орында Қырғызстан (7-9-7), үшінші орында Өзбекстан (7-8-9) келе жатыр.

    Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Дүбірлі додаға әлемнің 89 елінен 2430 спортшы қатысып жатыр. Байрақты бәсекеде 21 спорт түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

    Қазақ пен қырғыз көкпаршылары Көшпенділер ойындарының финалында кездеседі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.