Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көк бөріден Көшпенділер ойындарының жүлдегерлеріне ақшалай сертификаттар табысталды

Жарияланған күні:

Көк бөріден Қырғызстан құрамасының спортшылары
Көк бөріден Қырғызстан құрамасының спортшылары. Фото: KAZ.NUR.KZ/ Ахмет Қамшыбек

Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкбөрі жарысы аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Көкбөрі жарысының финалында Қырғызстан құрамасы Қазақстан командасын 10:4 есебімен жеңіп, алтын медаль иеленді. Ал қазақ спортшылары күміс жүлде еншіледі.

Сондай-ақ Ресей құрамасы үшінші орынға таласта Түркиядан басым түсіп, қола жүлдені қанжығалады.

Жеңімпаз және жүлдегер құрамаларға ақшалай сертификаттар табысталды. Қола жүлдегер Ресей құрамасына 4 миллион, күміс жүлдегер Қазақстан құрамасына 6 миллион, ал жеңімпаз атанған Қырғызстан командасына 10 миллион теңге берілді.

Бүгін көкпардан да финалдық бәсеке өткен еді. Қазақстан құрамасы Қырғызстаннан қосымша уақытта басым түсіп, алтын медальді қанжығалады. Кейін жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сертификаттармен марапатталды. Марапаттау рәсімінде қырғыз спортшылары Қазақстан әнұраны орындалғанын күтпестен тұғырдан түсіп кетіп қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2160730-kok-boriden-koshpendiler-oiyndarynyng-zhuldegerlerine-aqshalai-sertifikattar-tabystaldy/