jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Көшпенділер ойындарының символы – торсық тола су Қырғызстанға тапсырылды (видео)

    Ербол Мырзабосынов пен Алтынбек Мақсұтов
    Ербол Мырзабосынов пен Алтынбек Мақсұтов. Фото: qazsporttv.kz

    Бүгін, 13 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты өтіп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Шараның жабылу салтанатына Қазақстанның Турзим және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтов, Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нуров қатысты.

    Бұл шарада Наиль Нуров Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтовқа торсық тола суды табыстады. Бұл дегеніміз – келесі Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда өтеді.

    V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты алдында су эстафетасы өткізілген болатын. Бұл шара байрақты бәсекелердегі алауды жағу дәстүріне ұқсас.

    Айта кетейік, Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 90-ға жуық елден 2000-нан астам спортшы бақ сынады. Жалпы саны 97 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

    Көшпенділер ойындарының символы – торсық тола су Қырғызстанға тапсырылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.