Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тарихи жетістікке жеткен қазақстандық шахматшылар елге оралды (фото)

Жарияланған күні:

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы
Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы. Фото: NUR.KZ/Ахмет Қамшыбек

Қазақстандық жанкүйерлер Астана қаласының әуежайында шахмат Олимпиадасының жүлдегерлерін, Қазақстан әйелдер құрамасын күтіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Мажарстанда өткен шахмат Олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы тарихында алғаш рет күміс жүлде жеңіп алды. Қазақстан командасы соңғы турда АҚШ-пен 2:2 есебімен тең ойнап, 18 ұпай жинады. Ал Олимпиаданың фавориті Үндістан құрамасы әйелдер мен ерлер арасындағы жарыста алтыннан алқа таққан болатын.

Шахматтан Олимпиада ойындарына қатысқан Қазақстан әйелдер және ерлер құрамасы елге оралады. Оның ішінде ел тарихындағы алғашқы күміс жүлдені жеңген Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Әмина Қайырбекова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман бар. Оларды қарсы алуға БАҚ өкілдері және жанкүйерлері келді.

Айта кетейік, бүкіләлемдік шахмат Олимпиадасы 2 жылда бір өтеді. Осыған дейінгі доданы Үндістанның Ченнай қаласы қабылдаған. Сол кезде Қазақстан әйелдер командасы (Бибісара Асаубаева, Жансая Әбдімәлік, Гүлісхан Нахбаева, Ксения Балабаева, Назерке Нұрғали) 352 ұпаймен үздік бестікті түйіндеді. Жансая Әбдімәлік 1-тақта бойынша қола жүлдегер атанған. Бұл осыған дейінгі ең үздік көрсеткіш болған.

Шахматтан Қазақстан құрамасын күтіп алу сәтінен
Шахматтан Қазақстан құрамасын күтіп алу сәтінен. Фото: NUR.KZ/Ахмет Қамшыбек

Шахматтан Қазақстан құрамасын күтіп алу сәтінен
Шахматтан Қазақстан құрамасын күтіп алу сәтінен. Фото: NUR.KZ/Ахмет Қамшыбек

Шахматтан Қазақстан құрамасын күтіп алу сәтінен
Шахматтан Қазақстан құрамасын күтіп алу сәтінен. Фото: NUR.KZ/Ахмет Қамшыбек

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы
Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы. Фото: NUR.KZ/Ахмет Қамшыбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2165103-tarihi-zhetistikke-zhetken-qazaqstandyq-shahmatshylar-elge-oraldy-foto/