Спорт

Зектілері

Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан жастар арасында әлем чемпионы атанды

Жарияланған күні:

Едіге Емберді
Едіге Емберді. Фото: Olympic.kz

Ауыр атлетикадан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының мүшесі Едіге Емберді Испанияның Леон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Испанияның Леон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 89 кг дейінгі салмақта сынға түскен Едіге Емберді қоссайыс қорытындысы бойынша 352 (153+199) кг салмақты еңсере білді. 

Екінші орынды ирандық Алиреза Абаспур (351 кг), үшінші орынды колумбиялық Джоксер Альборнос (350 кг) иеленді.  

Айта кетейік, Испанияның Леон қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында бұған дейін Ерасыл Сәулебеков 81 кг салмақта қола жүлдегер атанған болатын. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2165626-edige-emberdi-auyr-atletikadan-zhastar-arasynda-alem-chempiony-atandy/