jitsu gif
Спорт

    Қазақстандық футзалшы әнұран шырқалған кезде көзіне жас алды

    Әбдірасул Әбдіманапұлы
    Әбдірасул Әбдіманапұлының жылау сәті. Фото: instagram: sportilinet

    Қазақстан футзал құрамасының ойыншысы Әбдірасул Әбдіманапұлы 2024 жылғы әлем чемпионатының Португалияға қарсы матчы алдында жылап жіберді. Командалар бейсенбі күні турнирдің 1/8 финалдық кездесуін өткізіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Матч алдында дәстүр бойынша екі елдің мемлекеттік әнұраны орындалды. Алдымен Португалияның әнұраны шырқалды.

    Одан кейін Әндіжан аренасында Қазақстан Республикасының әнұраны орындалды. Осы сәтте Әбдіманапұлы көз жасын тыя алмады.

    Эпизод тікелей эфирге түсіп, оператор бірнеше секунд бойы қазақстандық футзалшыны көрсетіп тұрды.

    Қазақстан құрамасы алғашқы таймда Шыңғыс Есенамановтың голының арқасында 1:0 есебімен алға шықты.

    Қазақстандық футзалшы әнұран шырқалған кезде көзіне жас алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.