Top.Mail.Ru
Спорт

Зектілері

"Оқ атылды": "Астана" мен "Жеңіс" жанкүйерлері арасында жанжал шықты (видео)

Жарияланған күні:

"Жеңіс" пен "Астана" жанкүйерлері арасындағы қақтығыс
"Жеңіс" пен "Астана" жанкүйерлері арасындағы қақтығыс. Скриншот: instagram.com / astana_live24

Кеше, 29 қыркүйекте Қарағандыда "Жеңіс" пен "Астана" футбол клубтарының жанкүйерлері арасында қақтығыс орын алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде "Жеңіс" пен "Астана" футбол клубтарының жанкүйерлері арасында орын алған жанжалдың видеосы тарады. Бір сәтте атылған оқтың дауысы естіліп, жанкүйерлер арасындағы қақтығыс тоқтағандай болды. Артынша тәртіп сақшылары бұл жағдайды басуға тырысты. Осыған байланысты Қарағанды облысының полиция департаменті аталмыш жағдайға түсініктеме берді.

"Футбол матчы аяқталғаннан кейін, жанкүйерлер арасында жанжал шықты. Бұл әрекеттердің алдын алу үшін тәртіп сақшылары оғы жоқ тапаншамен ауаға ескерту ретінде оқ атты. Жағдай жедел түрде реттеліп, қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол берілген жоқ. Полиция жанкүйерлерді тәртіп сақтауға және бір-біріне құрметпен қарауға шақырады, осылайша болашақта осындай жағдайлардан аулақ болуға тырысуымыз керек", - делінген Қарағанды облысы полициясы департаментінің хабарламасында.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Айта кетейік, ал Қарағандыда өткен "Жеңіс" пен "Астана" арасындағы ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2167554-astana-men-zhengis-zhankuierleri-arasynda-qaqtygys-boldy-oqiga-barysynda-oq-atyldy-video/