jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық боксшы қыз АҚШ әскерінің қатарына қосылды

    Аида Сатыбалдинова
    Аида Сатыбалдинова. Фото: instagram.com / lady_sparta

    Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова (6-3-1) АҚШ ұлттық гвардиясына қосылу туралы шешімін түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Аида Сатыбалдинова Көкшетау қаласында дүниеге келген. Ол бастапқы уақытта ауыр атлетикамен шұғылданып, Қазақстан Республикасының спорт шебері дәрежесіне дейін жеткен. Кейін боксты таңдаған Аида Сатыбалдинова әуесқойлар арасында республикалық жарыстарда жүлделерге ие болды.

    Аида 2017 жылдан бері АҚШ-та тұрып, кәсіпқой бокста өнер көрсетіп келеді.

    Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова Instagram желісіндегі ресми парақшасында АҚШ ұлттық гвардиясына қосылу туралы шешімін түсіндірген болатын. Спортшы АҚШ-тың қарулы күштеріне арнайы тест тапсырып, қызметке дайын екенін растады.

    "Ашық сөйлейік: Қазақстанға қайта оралып, өмір сүргім келмейді, тек қонақ ретінде ғана баруға ниеттімін. Әрқайсымыз өмірімізді жақсы өткізгіміз келеді. Қазақстан өзімді ыңғайлы сезінетін ел емес...АҚШ-та жақсы мансап құрып, өз үйім болуын қалаймын. Мен Калифорнияда өмір сүремін деп шештім, бірақ мұндағы жылжымайтын мүлік бағасы шарықтап тұр. Болашақ баламның Гарвардта оқығанын армандаймын, ал мұнда оқу ақысы – "қорқынышты", - деп жазды Аида Сатыбалдинова Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

    Айта кетейік, Аида Сатыбалдинова 2022 жылдың маусымында гаитиялық Джайка Павилусты жеңіп, GBO нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді иеленді. Сонымен қатар, Аида қазіргі уақытта WBF International титулының иегері.

    Аида Сатыбалдинованың жазбасы
    Аида Сатыбалдинованың Instagram Stories-і. Скриншот: instagram.com / lady_sparta

    Қазақстандық боксшы қыз АҚШ әскерінің қатарына қосылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.