Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионы атағын жеңіп алған боксшы Ангелина Лукас елге оралды (видео)

Жарияланған күні:

Ангелина Лукас
Ангелина Лукас. Фото: t.me/modgovkz

Алматы қаласының халықаралық әуежайында кәсіпқой боксшы Ангелина Лукасты Орталық спорт клубының өкілдері мен ҚР Қарулы күштері десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері қарсы алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚР Қорғаныс министрлігінің Telegram желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін, 9 қазанда Алматы қаласының халықаралық әуежайында кәсіпқой боксшы Ангелина Лукасты Орталық спорт клубының өкілдері мен ҚР Қарулы күштері десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері қарсы алды.

"Жеңісімді барша қазақстандыққа арнағым келеді. Мен үшін бұл жеңіс ерекше маңызды болды. Қарсылас өте мықты әрі тәжірибелі еді, бірақ мен жеңісті барша жанкүйерім мен Қазақстаным үшін жұлып алдым. Дәл қазір мені қарсы алған барлық жан үшін жеңіске жеттім", - деді Ангелина Лукас.

Айта кетейік, 6 қазанда 10 раундқа созылған жекпе-жек нәтижесінде қазақ спортшысы Ангелина Лукас төрешілер шешімімен жеңімпаз атанды. Ол аса жеңіл салмақта IBO чемпиондық белбеуін еншілеген болатын. IBO чемпиондығы үшін болған жекпе-жекте қазақстандық боксшы Ангелина Лукастан (11-1, 5 КО) жеңіліп қалған аргентиналық Дебора Лопес (21-3-1, 1 КО) әділетсіздікке тап болғанын мәлімдеген еді. Осы орайда KAZ.NUR.KZ тілшісі Ангелина Лукаспен байланысып жекпе-жекке қатысты сұқбат құрды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2172006-kasipqoi-boksshy-angelina-lukasty-almaty-auezhaiynda-qarsy-aldy-foto-video/