Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Паралимпиада қатысушысына 2 млн теңге мен баспана кілті табысталды

Жарияланған күні:

Бейбіт Шаханов, Кәмиля Досмалова, Әнуар Үсенов
Бейбіт Шаханов, Кәмиля Досмалова, Әнуар Үсенов. Фото: Алматы қаласының баспасөз қызметі

Парижде өткен жазғы Паралимпиада ойындарының қатысушысы Кәмиля Досмалованы Алматы әкімдігі құттықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кәмиля Досмалова – пара таеквондодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол Парижде өткен XVII жазғы Паралимпиада ойындарында 5-орын алды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов спортшы мен оның жеке жаттықтырушысы Әнуар Үсеновті ерік-жігер мен табандылықтың үлгісін көрсеткендерін атап өтіп, табысты өнер көрсетуімен құттықтады.

Кездесу барысында Бейбіт Шаханов спортшы Кәмиля Досмалова мен оның жаттықтырушысына премьер-министр Олжас Бектеновтің атынан алғыс хат табыс етті.

Сонымен қатар Бейбіт Шаханов Кәмиля Досмаловаға 2 миллион теңгелік ақшалай сертификат, ал Әнуар Үсеновке 1,5 миллион теңгелік сертификатты тапсырды. Сондай-ақ спортшыға қызметтік баспана берілді.

"Бізге қолдау көрсеткен барлық қазақстандықтарға, сондай-ақ Алматы әкімдігіне зор алғысымды білдіремін. Бұл қолдау менің болашақ жетістіктеріме негіз болады", - деді Кәмиля Досмалова.

Айта кетейік, Парижде өткен Паралимпиадада Қазақстан құрамасы рекордтық тоғыз медаль жеңіп алды. Оның ішінде 2 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль еншіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2172124-paralimpiada-qatysushysyna-2-mln-tengge-men-baspana-kilti-tabystaldy/