Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан ұлттық құрама бапкері комаға түсті: Бішкекте адам өліміне әкелген атыс болды

Жарияланған күні:

Қару ұстаған адам
Қару ұстаған адам. Көрнекі фото: guruXOOX / Getty Images

Бішкекте атыс болып, бір адам қаза тауып, тағы екі адам жараланды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жанжалға шыққан тараптардың бірі бокстан Қырғызстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

24.kg басылымының хабарлауынша, 10 қазанда Бішкектегі 7-шағын аудандағы бокс залының бірінде атыс болып, бір адам қаза тауып, екеуі жараланған. Кейін басылым құқық қорғау органдарына сілтеме жасап, қақтығысқа қатысушылардың бірі бокстан ұлттық құраманың жаттықтырушысы Жылдызбек Ниязалиев екенін хабарлады. Белгісіз біреулер Ниязалиев жұмыс істейтін бокс залына қарумен басып кіріп, оқ жаудырған.

Vesti.kg сайты қақтығыстың салдары туралы ақпарат жариялады. Бокстан ұлттық құраманың жаттықтырушысы Жылдызбек Ниязалиевтің тірі екені хабарланды.

"Кейбір мәліметтерге сүйенсек, жаттықтырушымен келіспеушілік туындаған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі. Ол Ниязалиевке оқ атқан, бірақ бапкер аман қалған".

Әзірге Қырғызстан Ішкі істер министрлігінен марқұмның кім екені туралы ресми түсініктеме берілген жоқ. Десе де Қырғызстан денсаулық министрлігінің хабарлауынша, бокстан Қырғызстан құрамасының бапкері Жылдызбек Ниязалиев пен С.Э. есімді азамат ауыр жарақатпен комада жатыр. Ал бокс залына басып кірген азамат басына оқ тиіп, оқиға орнында қайтыс болды.

"С.Э. есімді азамат реанимацияда. Отадан кейінгі жағдайы бірқалыпты ауыр. Диагноз: "Санына оқ тиген". Екінші науқас Ұлттық хирургия бөлімінің реанимациясында жатыр. Отадан кейінгі жағдайы бірқалыпты ауыр. Диагноз: "Кеудесіне және ішіне оқ тиген", - деп мәлімдеді Қырғызстан денсаулық министрлігі.

24.kg басылымының хабарлауынша, оқиға Бішкектегі 7-шағын аудандағы бокс залында болған. Мұқаш Ырсалиев есімді азамат бокс залына баса-көктеп кіріп бас бапкер Жылдызбектің ішіне оқ атады. Осы орайда ара түскісі келген С.Э. есімді азаматқа да оқ тиеді. Жанжал барысында оқыстан Мұқаш оқ құшып, оқиға орнында қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2172924-bokstan-ulttyq-qurama-bapkeri-komaga-tusti-bishkekte-adam-olimine-akelgen-atys-boldy/