jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістандық спортшылар әлем чемпионатында 4 медаль жеңіп алды

    Түркістандық спортшы
    Түркістандық спортшы. Фото: instagram.com/turkistan_sport

    Түркістан облысының спортшылары Кипр мемлекетінің Ларнака қаласында жастар арасында самбо күресінен өткен әлем чемпионатында 4 медаль еншіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ел мерейін асқақтатқан түркістандық саңлақтар арасында Еркебұлан Ахат 58 кг салмақ дәрежесінде қатысып, қарсылыс шақ келтірмей чемпион атанды. Ал 72 кг салмақта Ақбота Қыдырәлі күміс жүлде иеленді. Cондай-ақ Нұрбек Нұрбаев (71 кг) пен Ақжібек Ұзақбаева (50 кг) қос қоланы олжалады.

    11-13 қазан аралығында өткен әлем біріншілігінде жүлде еншілеген түркістандық cпортшылар туған жерге оралды. Оларды Түркістан әуежайынан спорт саласының майталмандары мен туған-туыстары зор құрметпен қарсы алды.

    Еске салайық, Түркістан облысының спортшылары академиялық ескек есуден Өзбекстанда өткен Азия чемпионатында 6 медаль еншілеген еді. Оның екеуі күміс, бесеуі қола жүлде.

    Түркістандық спортшылар әлем чемпионатында 4 медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.