jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық теннисші ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы титулына қол жеткізді

    Зарина Дияс
    Зарина Дияс. Фото: Zhong Zhi/Getty Images

    Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Түркияның Кайсери қаласында өткен ITF W50 турнирінде жекелей сында жеңімпаз атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Кеше, 20 қазанда Қазақстанның төртінші ракеткасы Түркиядағы турнирдің финалында белоруссиялық Алена Фалеймен кездесті.

    Үш сетке созылған кездесуде Зариян Дияс 0:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық теннисші ITF санатында жекелей сында оныншы рет топ жарды.

    Зарина Дияс әлемдік рейтингте 488-орынға жайғасса, қарсыласы Алена Фалей 224-орыннан көрінді.

    Айта кетейік, Зарина Дияс жарақатына байланысты екі жыл теннис алаңынан көрінбеген еді. Тек осы жылдың мамырында қайтадан халықаралық турнирде бақ сынай бастады.

    Қазақстандық теннисші ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы титулына қол жеткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.