Спорт

Зектілері

Тоқаев шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваға ІІІ дәрежелі "Барыс" орденін табыстады

Жарияланған күні:

Бибісара Асаубаева
Бибісара Асаубаева. Фото: kazsports.kz

Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылым қайраткерлері, өндіріс, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар және еңбек ардагерлері бар.

Соның ішінде ІІІ дәрежелі "Барыс" ордені шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваға табысталды.

20 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева 2020 жылдан бастап халықаралық шебер атағын алды, ал 2017 жылдан бастап ФИДЕ шебері саналады. 2019 жылы Бибісара әйелдер арасында гроссмейстер атанған болатын. Сондай-ақ 2021 жылы Бибісара Асаубаева Азияның үздік шахматшысы атанды.

Айта кетейік, биыл Мажарстан астанасы Будапеште өткен шахмат Олимпиадасында Бибісара Асаубаева бастаған Қазақстан әйелдер құрамасы өз тарихында алғаш рет күміс жүлде жеңіп алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2177666-bibisara-asaubaeva-iii-darezheli-barys-ordeni-tabystaldy/