jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Астана" баскетбол клубы ВТБ лигасында 6 айдан бері жеңіске жете алмай келеді

    "Астана" баскетбол клубы
    "Астана" баскетбол клубы. Фото: pbcastana.kz

    "Астана" баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасы аясында "Енисей" командасына қарсы ойын өткізіп, жеңіліске ұшырады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Астанада өткен кездесуде елордалық "Астана" баскетбол клубы 64:70 есебімен жеңіліске ұшырады.

    Ойынның бірінші ширегінде "Енисей" баскетбол клубы басым түсті (14:21). Екінші кезеңде астаналық баскетболшылар екі ұпаймен артта қалды (14:16). Ал үшінші кезеңде қазақстандық клуб 14:24 есебімен есе жіберіп қойды..

    Ал ойынның төртінші кезеңінде астаналықтар 24:9 есебімен басым түссе де, жалпы есепте "Астана" баскетбол клубы жеңіліс тапты.

    Айта кетейік, "Астана" баскетбол клубы қатарынан 9 ойын жеңіліске ұшырады. Бас бапкер Глеб Кисилевтің жетекшілігімен "Астана" баскетбол клубы соңғы рет сәуір айында жеңіске жеткен болатын.

    "Астана" баскетбол клубы ВТБ лигасында 6 айдан бері жеңіске жете алмай келеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.