jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте бозбалалар арасында тай көкпары өтті

    Тай көкпар
    Тай көкпар. Фото: instagram.com/ rsk_shymkent

    Шымкентте алғаш рет боз балалар арасында дүбірлі дода "Тау тұмар" атты тай көкпары ұйымдастырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Шымкент қалалықт өңірлік коммуникациялық қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    ӨКҚ Instagram-дағы парақшасындағы ақпаратқа сүйенсек, шара Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған.

    "Бұл бәсекеге республиканың түкпір-түкпірінен 1000-нан аса жасөспірім келіп қатысты. Тіпті көршілес Қырғыз елінен де қатысушылар келді. Тай көкпардың мақсаты - балаларға көкпар ойынын сезіндіру, ат үстінде шеберлікті шыңдау, тәжірибе көрсету, көкпар тартуға күш, еп, білек пен біліктілік керек екенін насихаттау", - делінген хабарламада.

    Ал аталмыш көкпарға балалар жастығына қарамастан, додаға атойлап, тайсалмай кірді. Төрешілердің айтуынша, көкпар тартатын баланың жасы 11-13 жас, тай 1 жасар болуы шарт.

    Нәтижесінде жас шабандоздардың мықтылығы сарапқа салынған додада әр салымға ақшалай сыйлық берілсе, "өгіз өлдіге" көлік тігілді.

    Шымкентте бозбалалар арасында тай көкпары өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.