jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістандық спортшылар пауэрлифтинг және күштік спорт түрлерінен әлем рекордын жаңартты

    Түркістандық спортшылар
    Түркістандық спортшылар. Фото: instagram.com/ rsk.turkistan

    Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында пауэрлифтинг және күштік спорт түрлерінен әлем чемпионаты өтті. Аталған турнирде Кентау қаласының балуандары әлемдік рекордтарды жаңартып, жүлделі орындарды иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Спортшылардың жарқын жеңісіне қатысты ақпарат Түркістан облысы ӨКҚ Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

    Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сәйкес, кентаулық Ділмұрат Ташполатов 3 алтын медаль жеңіп алып, 4 рет әлем рекордын жаңарту арқылы ең үздік спортшы атанған.

    Ал Елнұр Абдрахманов 2 алтын медаль алып, 3 рет әлем рекордын жаңартқан.

    Одан бөлек, Абдықадыр Абдрахманов 2 алтын медаль жеңіп, әлем рекордын жаңартты. Бұдан бөлек, Оразалы Байдулла 2 алтын, Руслан Уалиев 3 алтын, Даурен Дәрібаев 2 алтын медаль алған.

    Түркістандық спортшылар пауэрлифтинг және күштік спорт түрлерінен әлем рекордын жаңартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.