Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында пауэрлифтинг және күштік спорт түрлерінен әлем чемпионаты өтті. Аталған турнирде Кентау қаласының балуандары әлемдік рекордтарды жаңартып, жүлделі орындарды иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Спортшылардың жарқын жеңісіне қатысты ақпарат Түркістан облысы ӨКҚ Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сәйкес, кентаулық Ділмұрат Ташполатов 3 алтын медаль жеңіп алып, 4 рет әлем рекордын жаңарту арқылы ең үздік спортшы атанған.
Ал Елнұр Абдрахманов 2 алтын медаль алып, 3 рет әлем рекордын жаңартқан.
Одан бөлек, Абдықадыр Абдрахманов 2 алтын медаль жеңіп, әлем рекордын жаңартты. Бұдан бөлек, Оразалы Байдулла 2 алтын, Руслан Уалиев 3 алтын, Даурен Дәрібаев 2 алтын медаль алған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2180262-turkistandyq-sportshylar-pauerlifting-zhane-kushtik-sport-turlerinen-alem-rekordyn-zhangartty/