jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық спортшы допинг қолданғаны үшін 3 жылға жарыстан шеттетілді

    Әбусейіт Әлихан
    Әбусейіт Әлихан. Фото: caiu.edu.kz

    Қазақстандық триатлоншы Әбусейіт Әлихан допинг қолданғаны үшін 3 жылға дисквалификация алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Допингке қарсы ұлттық орталықтың ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Әбусейіт Әлиханның сынамасынан эритропоэтин препараты табылған. Енді ол 2024 жылдың 5 тамызынан 2027 жылдың 5 тамызына дейін жарыстарға қатыса алмайды.

    Триатлоншыдан сынама биыл 11 мамырда алынған. Ол 11-12 мамыр аралығында U23 санатындағы триатлоннан Қазақстан чемпионатына қатысқан еді. Бұл жарыста спортшы спринт қашықтығында сынға түсіп, күміс медаль жеңіп алды.

    Әбусейіт Әлихан тыйым салынған препаратты қолданған Қазақстандағы алғашқы триатлоншы емес. 2008 жылы Бейжің Олимпиадасының басталуына бірнеше ай қалғанда триатлоннан Қазақстан құрамасының мүшесі Дмитрий Гаагтың сынамасынан эритропоэтин табылған еді.

    Еске салайық, еркін күрес шебері Талғат Сырбаз допинг қолданғаны үшін 3 жылға спорттан шеттетілгенін жазғанбыз.

    Қазақстандық спортшы допинг қолданғаны үшін 3 жылға жарыстан шеттетілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.