jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Антидопинг ережесін бұзған қазақстандық балуан 3 жылға спорттан шеттетілді

    Талғат Сырбаз
    Талғат Сырбаз. Фото: olympic.kz

    Еркін күрес шебері Талғат Сырбаз допинг қолданғаны үшін 3 жылға жарыстан шеттетілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Допингке қарсы ұлттық орталықтың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Талғат Сырбаздың сынамасынан спортшыларға қолдануға тыйым салынған дростанолон препараты табылды. Енді ол 2024 жылдың 30 сәуірінен 2027 жылдың 30 сәуіріне дейін жарыстарға қатыса алмайды.

    Айта кетейік, Талғат Сырбаз биыл Түркияда өткен лицензиялық турнирде бақ сынауы керек болған. Бірақ денсаулығына байланысты жарысқа қатыса алмаған еді.

    Талғат – Азия чемпионы, Азия біріншілігінің қола жүлдегері, Қазақстан чемпионатының екі дүркін жеңімпазы.

    Еске салайық, еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасы Азия чемпионатында 8 жүлдеге қол жеткізгенін жазған едік.

    Антидопинг ережесін бұзған қазақстандық балуан 3 жылға спорттан шеттетілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.