jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Әлем чемпионатында күміс жүлде жеңген қазақ балуаны қымбат сыйлыққа ие болды (видео)

    Ержет Жарылқасынға көлік сыйға тартылды
    Ержет Жарылқасынға көлік сыйға тартылды. Фото: instagram.com/jambylsport

    Грек-рим күресінен әлем чемпионатында күміс медаль еншілеген Ержет Жарлықасынға көлік сыйға тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жамбыл облыстық спорт басқармасының Instragram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Әлемдік сайыстан жүлделі оралған Ержет Жарлықасынды туған жері Жамбыл облысының жұрты ыстық ықыласпен қарсы алған. Балуанға облыстық күрес федерациясының президенті Әлімбек Жұмабаев су жаңа Toyota Camry автокөлігін және жеке бапкері Асылжан Байзақовқа 3 000 000 теңгенің сертификатын табыстады.

    Айта кетейік, Ержет Жарлықасын Албания астанасы Тиранада өткен олимпиадалық емес салмақ санаттары бойынша әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді. Ол 63 кг дейінгі салмақ дәрежесінің финалында әзербайжандық Нихад Захид Мамадлиден 1:6 есебімен жеңіліп қалған болатын.

    24 жастағы Ержет сәуірде Бішкекте (Қырғызстан) өткен Азия чемпионатында алтын медаль олжалаған еді.

    Қазақстан құрамасы Тиранадағы әлем біріншілігін 1 алтын, 2 күміс медальмен аяқтады. Еркін күрестен Нұқожа Қайпанов (70 кг) алтыннан алқа тақса, әйелдер күресінен сынға түскен Жәмилә Бақбергенова (72 кг) мен грек-рим күресінің шебері Ержет Жарлықасын (63 кг) күміс жүлдеге қол жеткізді.

    Әлем чемпионатында күміс жүлде жеңген қазақ балуаны қымбат сыйлыққа ие болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.