jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    11 жастағы қазақстандық спортшы 1 аптада екі халықаралық турнирде чемпион атанды

    Жания Бекмұхамбетова
    Жания Бекмұхамбетова. Фото: ttfrk.kz

    Қазақстандық жас спортшы Жания Бекмұхамбетова Словакияда өткен WTT Youth Contender турнирінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жания Бекмұхамбетова Словакияның Сенец қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде топ жарып, алтын медаль жеңді.

    Қазақстандық жас спортшы бұл жарыста 11 жасқа дейінгі жасөспірімдер санатында топ жарды.

    Бұл турнирде 11 жастағы Жания Бекмұхамбетова украиналық Александра Бецті, словакиялық Юлия Вчелкованы, сингапурлық Селестина Капатиді, словакиялық София Трускованы, швейцариялық Эмили Вуды және моңғолиялық Аялгуу Эрденехуягты жеңіп шықты.

    Айта кетейік, осы аптада Жания Бекмұхамбетова Мысырда өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанғанын жазған едік.

    11 жастағы қазақстандық спортшы 1 аптада екі халықаралық турнирде чемпион атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.