jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық екі спортшы ұлттық рекордты жаңартты

    Аделаида Пчелинцева
    Аделаида Пчелинцева. Фото: olympic.kz

    Жүзуден Қазақстан құрамасының екі спортшысы Сингапурда өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде Қазақстанның ұлттық рекордын жаңартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Cу спорты түрлері федерациясының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    100 метрге брасс әдісімен жүзу сайысында Аделаида Пчелинцева рекорд орнатты. Ол белгіленген межені 1:07:74 секундта бағындырды.

    Сондай-ақ ерлер арасында 400 метрге еркін стильде жүзу жарысында Ғалымжан Балабек ел рекордын жаңартты. Спортшы мәреге 3:47:52 секундта жетті.

    Сингапурдегі үшінші әлем кубогы кезеңі 2 қарашаға дейін өтеді. Бұл жарысқа Қазақстаннан 9 спортшы аттанған болатын.

    Еске салайық, қазақстандық пара жүзгіш Нұрдәулет Жұмағали Париж Паралимпиадасының финалында рекорд орнатып, күміс жүлде иеленген еді. Ол SB13 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуден сынға түсіп, 1:04:83 секунд уақыт көрсеткішін тіркеді. Нұрдәулет Токио-2020 Олимпиадасының қола жүлде иеленген, соңғы Азиадада жеңіске жетіп, екі рет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

    Қазақстандық екі спортшы ұлттық рекордты жаңартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.