jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Елена Рыбакина 5 млн доллар алып, әлемдік рекордты жаңарта алады: финалдық турнир шарты белгілі болды

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Kelly Defina/Getty Images

    Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) финалдық турнирде өнер көрсеткені үшін жалпы жүлде қоры мен спортшыларға төленетін төлемдер туралы мәліметтерді жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қауымдастықтың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    2 қарашада Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта WTA демеушілігімен биылғы маусымның финалдық жарысы басталады. Финалдық турнирдің жалпы жүлде қоры 15 миллион 250 мың АҚШ долларын (жарияланған кездегі бағам бойынша 7,4 миллиард теңге) құрайды.

    Бұл турнирге Қазақстанның теннисшісі, әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған Елена Рыбакина да қатысады.

    Турнирге қатысқаны үшін теннисшілерге 335 мың доллар, топтық кезеңдегі әрбір жеңісі үшін – 350 мың доллар, жартылай финалдағы жеңісі үшін – 1,27 миллион доллар, финалдағы жеңісі үшін – 2,5 миллион доллар алуға кепілдік берілген.

    2024 жылғы финалдық турнирдің чемпионы жарыс барысында бірде-бір кездесуде жеңілмейтін болса, оның сыйақысы 5 миллион 155 мың долларды құрайды.

    Елена Рыбакина 5 млн доллар алып, әлемдік рекордты жаңарта алады: финалдық турнир шарты белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.