jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Бибісара Асаубаева Гран-при турнирінде көшбасшылар қатарында келеді

    Бибісара Асаубаева
    Бибісара Асаубаева. Фото: kazsports.kz

    Шымкентте 2024/25 маусымының әйелдер арасындағы FIDE Гран-приінің екінші кезеңі өтіп жатыр. Бес турдың нәтижесінде қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева турнир кестесінің 2-орнында келеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бибісара 5-турда тәжірибелі үндістандық шахматшы Хампи Конеруді жеңді. Бұл Бибісара Асаубаева үшін аталмыш турнирдегі екінші жеңісі болды, бұған дейін ол болгариялық Нургюл Салимовадан да айласын асырған еді.

    Сондай-ақ Бибісара ресейлік Александра Горячкинамен, грекиялық Ставрула Цолакидумен және германиялық Элизабет Петцпен кездесіп, тең түскен болатын.

    Қазіргі уақытта Бибісара Асаубаева 5 турдан кейін 3,5 ұпай жинап, турнир кестесінің 2-сатысына жайғасқан. Оны 4 ұпаймен ресейлік гроссмейстер Александра Горячкина басып озып тұр, ал үшінші орынды 3 ұпаймен Хампи Конеру иеленген.

    6-турда Бибісара Асаубаева тәжірибелі ресейлік шахматшы Екатерина Лагномен кездеседі.

    Айта кетейік, қазіргі таңда шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева жалпы FIDE Гран-приінің кестесінде 2-орында келеді. Гран-при турнирінің алғашқы кезеңі жақында Грузияның Тбилиси қаласында өткен еді.

    Бибісара Асаубаева Гран-при турнирінде көшбасшылар қатарында келеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.