Осы аптада Италияның Турин қаласында әлемнің ең үздік сегіз теннисшісі бақ сынайтын ATP-дің қорытынды турнирі басталады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Жарыстың басталуына санаулы күндер қалғанда әлемнің ең үздік теннисшілері бәсекеге түсетін турнирдің жүлде қорының мөлшері белгілі болды.
АТР сайтының мәліметінше, жарыстың жалпы жүлде қоры – шамамен 15 250 000 АҚШ доллары (шамамен 7,5 млрд теңге).
- ATP Қорытынды турнирінің жеңімпазы 4 881 500 АҚШ долларын (шамамен 2,3 млрд теңге) иеленеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 80 мың АҚШ долларына көп;
- Турнирге қатысқан әр теннисші 331 мың АҚШ долларын (162 млн теңге) еншілейді;
- Топтық кезеңнен өткендерге 395 500 АҚШ доллары (194 млн теңге) беріледі;
- Жартылай финалға шыққандарға 1 123 400 АҚШ доллары (550,5 млн теңге) табысталады;
- Финалға шыққан спортшылар 2 237 000 АҚШ долларын (шамамен 1,09 млрд теңге) иеленеді.
Айта кетейік, бұған дейін ATP Қорытынды турнирінің жеке және жұптық сындағы жеребе тарту рәсімі өткен болатын.
Сондай-ақ Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен WTA-дің қорытынды турнирінде өнер көрсетіп, жарысқа қатысқаны үшін 335 мың АҚШ долларына ие болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2184932-8-milliardqa-zhuyq-tengge-alemning-uzdik-tennisshileri-bas-qosqan-turnirding-zhulde-qory-belgili-boldy/