jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    8 миллиардқа жуық теңге: әлемнің үздік теннисшілері бас қосқан турнирдің жүлде қоры белгілі болды

    АТР-дің қорытынды турнирінің қатысушылары
    АТР-дің қорытынды турнирінің қатысушылары. Фото: John Russo ATP

    Осы аптада Италияның Турин қаласында әлемнің ең үздік сегіз теннисшісі бақ сынайтын ATP-дің қорытынды турнирі басталады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Жарыстың басталуына санаулы күндер қалғанда әлемнің ең үздік теннисшілері бәсекеге түсетін турнирдің жүлде қорының мөлшері белгілі болды.

    АТР сайтының мәліметінше, жарыстың жалпы жүлде қоры – шамамен 15 250 000 АҚШ доллары (шамамен 7,5 млрд теңге).

    • ATP Қорытынды турнирінің жеңімпазы 4 881 500 АҚШ долларын (шамамен 2,3 млрд теңге) иеленеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 80 мың АҚШ долларына көп;
    • Турнирге қатысқан әр теннисші 331 мың АҚШ долларын (162 млн теңге) еншілейді;
    • Топтық кезеңнен өткендерге 395 500 АҚШ доллары (194 млн теңге) беріледі;
    • Жартылай финалға шыққандарға 1 123 400 АҚШ доллары (550,5 млн теңге) табысталады;
    • Финалға шыққан спортшылар 2 237 000 АҚШ долларын (шамамен 1,09 млрд теңге) иеленеді.

    Айта кетейік, бұған дейін ATP Қорытынды турнирінің жеке және жұптық сындағы жеребе тарту рәсімі өткен болатын.

    Сондай-ақ Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен WTA-дің қорытынды турнирінде өнер көрсетіп, жарысқа қатысқаны үшін 335 мың АҚШ долларына ие болды.

    8 миллиардқа жуық теңге: әлемнің үздік теннисшілері бас қосқан турнирдің жүлде қоры белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.