jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Астана" баскетбол клубы 13 ойын қатарынан жеңілістен көз ашпай келеді

    "Астана" баскетбол клубы
    "Астана" баскетбол клубы. Фото: pbcastana.kz

    Елордалық "Астана" баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасының кезекті чемпионатында он үшінші жеңілісіне ұшырады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    ВТБ лигасының 13-туры аясында "Астана" баскетбол клубы ресейлік "Локомотив-Кубань" командасымен кездесті.

    Астанадағы "Сарыарқа" спорт кешенінде өткен ойында "Астана" баскетбол клубы 59:93 есебімен жеңілді.

    Ойынның бірінші ширегінде отандық клуб қарсыласынан екі ұпайға озып кетті (15:13). Алайда екінші кезеңде астаналықтар айтарлықтай нашар өнер көрсетіп, қарсыластарына есе жіберді (13:32). Сонымен қатар, үшінші және төртінші ширектерде де (19:20, 12:28) елордалық команда жеңіліске ұшырады.

    Айта кетейік, ВТБ лигасының биылғы маусымында "Астана"13-ойын қатарынан жеңіліс тапты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram