jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    17 жастағы қазақстандық спортшы бір турнирде екі жүлдеге қол жеткізді

    Алан Құрманғалиев
    Алан Құрманғалиев. Фото: Olympic.kz

    17 жастағы қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста сынға түскен Алан Құрманғалиев 2-орынға ие болды. Ол бұл жарыста 8 кездесу өткізіп, 7 жеңіске қол жеткізді.

    Алан Құрманғалиев болгариялық Стефан Димитровты 3:0, люксембургтік Маэль Ван Дессельді 3:0, тайбэйлік Тай По-Чунды 3:2, румыниялық Драгож Бужорды 3:0, словакиялық Михаил Ловгуды 3:2, швециялық Исак Альфредссонды 3:0 және кореялық Ли Чон Мокты 3:0 есебімен жеңді.

    Ол тек финалда ғана венгриялық Балаж Лэйге 0:3 есебімен жол берді.

    Айта кетейік, бұған дейін дәл осы турнирде Алан Құрманғалиев 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында қола медаль еншілеген еді.

    17 жастағы қазақстандық спортшы бір турнирде екі жүлдеге қол жеткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.