jitsu gif
Спорт

    Қазақстанның екінші ракеткасы әлемдік рейтингте төмендеді

    Александр Шевченко
    Александр Шевченко. Фото: пресс-служба КТФ

    Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жеке және жұптық сында өнер көрсететін спортшылардың әлемдік рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ АТР-дің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстандық теннисші Александр Шевченко АТР-дің жаңартылған рейтингінде бірден 16 сатыға төмендеп, 80-орынға жайғасқан.

    Сондай-ақ тағы бір қазақстандық теннисші Александр Бублик әлемдік рейтингтегі 34-орнын сақтап қалды.

    Италиялық спортшы Янник Синнер әлемдік рейтингте көш бастап келеді. Ал германиялық Александр Зверев 2-орынға жайғасса, испаниялық Карлос Алькарас үздік үштікті түйіндеп тұр.

    Айта кетейік, әйелдер теннисі қауымдастығы да (WTA) жекелей және жұптық сындағы рейтингті жаңартқан болатын. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина үздік бестіктен тыс қалды.

    Қазақстанның екінші ракеткасы әлемдік рейтингте төмендеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.