jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Дэвис кубогінде тарихи жетістікке жетті

    Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы
    Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы. Фото: ktf.kz

    Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында алғаш рет Juniors Davis Cup жарысының ширек финалына мерзімінен бұрын жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан теннис федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Анталияда (Түркия) өтіп жатқан Juniors Davis Cup топтық кезеңінің екінші күні теннистен Қазақстан командасы Гонконг құрамасын жеңді. Мамыр айында Шымкентте өткен Азия іріктеу турнирінің жартылай финалында аталған командамен кездесу өткен еді. Сол ойында Қазақстан 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

    Дэвис кубогінде Гонконг құрамасына қарсы сайысты Дамир Жалғасбай (#198 ITF Juniors) мен Николас Чэн (#298 ITF Juniors) бастады. Бірінші сетте Дамир 6:2 есебімен ұтты. Екінші кезеңде Гонконг құрамасының өкілі 6:4 есебімен айласын асырды. Шешуші сетте Дамир 6:3 есебімен жеңісті жұлып алды.

    Келесі ойында Заңғар Нұрланұлы (#77 ITF Juniors) Джек Чэнді (#205 ITF Juniors) жеңді. Бұл ойында тек алғашқы сетте ғана тартысты бәсеке болды, онда Заңғар 6:3 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте Қазақстан теннисшісі қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай 6:0 есебімен басым түсті.

    Осылайша жұптық бәсекенің нәтижесіне қарамастан, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында алғаш рет Juniors Davis Cup жарысының ширек финалына мерзімінен бұрын жолдама алды. 

    Айта кетейік, 13 қарашада Қазақстан құрамасы Францияға қарсы ойнайды. Франциялықтар да Оңтүстік Африка Республикасы теннисшілерін жеңгендіктен, ширек финалға өтіп отыр. Тек Қазақстан – Франция матчында қай құраманың В тобынан бірінші және екінші орынмен шығатыны шешіледі.

    Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Дэвис кубогінде тарихи жетістікке жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.