jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкенттік спортшыға халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді

    Ербол Мырзабосынов жас спортшылармен кездесті
    Ербол Мырзабосынов жас спортшылармен кездесті: instagram.com/ rsk_shymkent

    Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елордада бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаттарында жоғары жетістіктерге қол жеткізген жас боксшылармен кездесу өткізді. Шымкенттік спортшыға халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді, деп хабарлайды қалалық Өңірлік коммуникациялар қызметі Instagram-дағы парақшасында.

    Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елордада бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаттарында жоғары жетістіктерге қол жеткізген жас боксшылармен кездесу өткізді. Ел астанасында өткен кездесуге Черногорияның Будва және АҚШ-тың Пуэбло қалаларында 26 қазан мен 4 қараша аралығында өткен бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаттарында жоғары жетістіктерге қол жеткізген жас спортшылар қатысты.

    Кездесу барысында министр Ербол Мырзабосынов талантты жас боксшылар мен олардың жаттықтырушыларын құттықтап, ел спортына қосқан зор үлестері үшін алғыс хаттар табыс етті. Ол жас спортшылардың әлемдік аренадағы жеңістері Қазақстанның спорттық беделін нығайтып қана қоймай, өскелең ұрпаққа үлгі болатынын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, жас боксшылардың еңбекқорлығы мен табандылығы жаңа буын үшін шабыт көзі болып табылатынын жеткізді.

    Естеріңізге сала кетейік, Будвада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 6 алтын, 1 күміс және 10 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Ал Пуэблода өткен чемпионатта қазақстандық боксшылар 2 күміс медальға ие болып, ел спортының жоғары деңгейін тағы да дәлелдеді.

    Шымкенттік спортшыға халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.