jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Қазақстан мен Өзбекстан спортшылары әлем кубогының алтынын сарапқа салды

    Cемсерлесуден Қазақстан жастар құрамасы
    Cемсерлесуден Қазақстан жастар құрамасы. Фото: instagram.com/kazakhstan_fencing

    Семсерлесуден Қазақстан жастар құрамасы Ташкентте өткен әлем кубогінде Өзбекстан командасынан жеңіліп, күміс медаль еншіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан семсерлесу федерациясының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Әлемдік турнирде Қазақстан намысын Жайлыбай Нұрмұхаммед, Қайназар Нұрқатұлы, Сұлтан Станбек және Ерхан Караман қорғады. Олар финалда Өзбекстан командасымен кездесті. Бұл бәсеке 45:35 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді.

    Қазақстандық спортшылар үздік сегіздікке ену үшін Түркия құрамасын 45:39 есебімен жеңсе, жартылай финалда әлемдік рейтингтің көшбасшысы Румыния командасын 45:36 есебімен ұтты.

    Еске салайық, шпагамен семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы әлемдік рейтингте 4-орынға көтерілген еді. Қазір ел құрамасының қоржынында 266 ұпай бар. Ал бұл тізімде Жапония кұрамасы көш бастап келеді (388 ұпай). Венгрия құрамасы 2-орынға жайғасса (344 ұпай), Франция үздік үштікті (332 ұпай) түйіндеп тұр.

    Қазақстан мен Өзбекстан спортшылары әлем кубогының алтынын сарапқа салды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.