jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Танысуға қорқады": боксшы Ангелина Лукас қандай жігіттер ұнайтынын айтты

    Ангелина Лукас
    Ангелина Лукас. Фото: Instagram/angelina_lukas1997

    ІВО тұжырымы бойынша екінші аса жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Ангелина Лукас өзіне қандай жігіттер ұнайтынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Бірінші бол" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ангелина Лукас жігіттер қауымының өзімен танысуға батылы жете бермейтінін айтты.

    "Әдетте мені көріп қалса, суретке түсу туралы ғана өтініш білдіреді. Алайда таныса бермейді, ыңғайсызданатын болса керек. Әлде қорқа ма екен, білмеймін. Көбі боксшы қыздармен танысуға жүрексінеді, былғары қолғап киген адам өмірде де агрессияға бейім деп ойлайтын болар", - деді Ангелина Лукас.

    Сондай-ақ ол өзіне қандай жігіттер ұнайтыны туралы сауалға да жауап берді.

    "Жігітім бар, ол да боксшы. Өзім осы салада жүргендіктен шығар, спортшылар жаныма жақынырақ. Басқа саладан болса да, қарым-қатынаста ең алдымен түсіністік керек. Сені шын түсінетін адамның қасыңда болғаны жақсы ғой", - деді боксшы.

    Айта кетейік, 6 қазанда 10 раундқа созылған жекпе-жек нәтижесінде қазақ спортшысы Ангелина Лукас төрешілер шешімімен жеңімпаз атанды. Ол аса жеңіл салмақта IBO чемпиондық белбеуін еншілеген болатын.

    "Танысуға қорқады": боксшы Ангелина Лукас қандай жігіттер ұнайтынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.