jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    17 жастағы қазақстандық каратэші әлем чемпионы атанды

    Елнұр Дауылбай
    Елнұр Дауылбай. Фото: kazsports.kz

    Астаналық спортшы Елнұр Дауылбай каратэден әлем чемпионы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Cпортты дамыту дирекциясының сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    17 жастағы Елнұр Дауылбай Жапония астанасы Токиода өткен киокушинкай каратэден әлем чемпионатында топ жарып, алтын медаль жеңіп алды. Спортшы 2007 жылы 10 қарашада Астанада дүниеге келген.

    Елнұрдың каратэдегі жолы 7 жасында басталды. Ол "Астана каратэ орталығында" жаттықтырушы Арман Мұхамедрахымның жетекшілігімен спорттағы алғашқы қадамын жасаған. Кейінгі жылдары оның даярлық процесін Қазақстан киокушинкай KWF федерациясының жаттықтырушысы Дархан Рахимжанов қадағалап, спортшыны жаңа деңгейге көтерді.

    Спорттағы 10 жылдың өзінде Елнұр 32 алтын медаль, 22 күміс, 28 қола және 26 кубок жеңіп алып үлгерді. Ал ең маңызды жетістігі – 16 жастан асқанда каратэден спорт шебері атағын алуы. Сондай-ақ ол Азия чемпионы, Қазақстан чемпионатының жеңімпазы, Еуропа чемпионы (65 кг салмақ дәрежесінде). Жыл сайын Елнұр Германия, Нидерланд, Ресей, Түркия және Жапония сияқты елдерде өтетін жарыстарға қатысып, жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетіп келеді.

    17 жастағы қазақстандық каратэші әлем чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.